Түркияда толассыз жауған жаңбыр су тасқынына әкеліп соқтырды

Түркия, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 17:53 Сурет: Twitter/kingoftthedevil
Алдын ала мәлімет бойынша, Түркияда су тасқыны салдарынан бес адам қаза тауып, алтауы із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шанлыурфа провинциясында толассыз жауған жаңбыр су тасқынына себеп болды. Ауруханалар, үйлер мен кейбір кәсіпорындарды су басып, мектептерде оқу бір күнге тоқтатылды, деп жазды Haberturk.

Шанлыурфа губернаторы Салих Айхан төрт адам қаза тапқанын, екі адам із-түзсіз жоғалғанын айтты. Толассыз жауған жаңбыр соңы Сиверек, Хилван, Суруч және Вираншехир аудандарында су тасқынына әкеп соқтырды.

Токат губернаторы Нуман Хатипоглу бір адам қаза тауып, төртеуі із-түзсіз жоғалғанын хабарлады.

Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында нөсер жаңбыр әлі тоқтаған жоқ. Елдің кейбір аймақтарында қызғылт сары ескерту жарияланды.

AFAD табиғи апат әсіресе Шанлыурфа, Мардин, Газиантеп, Килис және Кахраманмараш қалаларында жойқын болатынын айтты. AFAD жергілікті тұрғындарға ауа райы қаупінің жоғары деңгейі туралы SMS жіберді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: