Балалар жазушысы күйеуін сақтандыру ақшасы үшін өлтірді деген айыппен сотталуда

Фото: unsplash
"Are You With Me?" ("Сен меніменсің бе?") атты балаларға арналған кітаптың авторы, америкалық Коури Ричинс күйеуі Эрик Ричинсті 4 млн доллар көлеміндегі мұрагерлік пен сақтандыру төлемі үшін өлтірді деген айыппен сот алдында жауап беруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru басылымының жазуынша, прокуратура 2022 жылы әйел күйеуін фентанилмен улап өлтірді деп мәлімдеді. Тергеу нұсқасына сәйкес, Ричинс жұбайына Moscow Mule коктейлін дайындап, оның құрамына есірткі затын қосқан.

Сот-медициналық сараптама 39 жастағы ер адамның ағзасынан өлімге әкелетін мөлшерден бес есе артық фентанил табылғанын растады.

Тергеу деректеріне қарағанда, Эрик қайтыс болған кезде Коури Ричинстің 1 миллион доллардан астам қарызы болған, ал күйеуінің мүлкі шамамен 4 миллион долларға бағаланған. Құқық қорғау органдары әйел қаржылық қиындықтарға байланысты қылмысқа баруы мүмкін деп санайды.

Алайда Коури Ричинс өз кінәсін мойындамайды. Оның қорғаушылары фентанил әдейі қосылды деген нұсқамен келіспейді. Адвокат Кэтрин Нестер сотта тергеу органдары есірткінің марқұмның ағзасына қалай түскенін дәлелдейтін нақты айғақ ұсына алмағанын мәлімдеді.

Бұған дейін Үндістандағы әуе апатынан экипаж толықтай қаза тапқанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі