Жергілікті Kaktus.media басылымының мәліметінше, Ташиев таңертеңнен бері тергеуде отыр.
Кейінірек Sputnik Кыргызстан Telegram-арнасы қосымша мәліметтер жариялады.
Ол екі қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде тергеуде екені белгілі болды. Сондай-ақ, Ташиев тергеушіге адвокатымен бірге келген.
Еске салсақ, 2026 жылғы 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Камчыбек Ташиевті барлық қызметінен босатты. 2021 жылғы қазаннан бері ол Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы қызметін атқарып келген. Кейінірек Жапаров бұл "жылдам шешім арқылы досын қорғап қалғанын" айтты.