Әлемдегі ең қауіпті саясаткер әйел белгілі болды

Сурет: KCNA
Солтүстік Корея жөніндегі сарапшы Сон-Юн Ли оңтүстіккореялық The Korea Herald газетіне берген сұхбатында КХДР басшысы Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжонды "әлемдегі ең қауіпті саясаткер әйел" деп атады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Ким Ё Чжон КХДР Еңбек партиясы Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімін басқарады және іс жүзінде елдегі екінші ықпалды тұлға, яғни Ким Чен Ынның бейресми орынбасары саналады.

"Ядролық қаруы бар тоғыз мемлекет ішінде ықпалды әйелдер арасында мұндай шексіз билікті бұрын-соңды көрген емеспіз. Сондықтан мен оны әлемдегі ең қауіпті әйел деп атаймын", – деді зерттеуші.

Сарапшының пікірінше, Ким Ё Чжон – Солтүстік Корея дипломатиясындағы "ерекше құрал". Уақыты келгенде оның ашық мінезі мен сыпайылығы АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздерде маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Бұған дейін Трамптың Қытайға сапарының мерзімін нақтылағанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды