Өмір бойына сотталған Оңтүстік Кореяның экс-президенті тағы бір іске қатысы бар деп айыпталуда

Сурет: president.go.kr
Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёль бұған дейін мемлекеттік төңкеріс жасау ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Енді оған қосымша тағы 30 жыл түрме жазасын тағайындау сұралды. Оны бұл жолы Солтүстік Кореямен қақтығыс тудыруға әрекет жасады деп айыптап отыр.

Прокуратураның мәліметінше, 2024 жылы Юн Сок Ёль Пхеньян үстінен дрондар ұшуын ұйымдастырған. Тергеу мұны Солтүстік Кореямен қатынасты әдейі ушықтыру және кейін ел ішінде әскери жағдай енгізуге сылтау жасау әрекеті ретінде бағалап отыр.

Associated Press басылымының жазуынша, айыптаушы тараптың нұсқасы бойынша, экс-президент жоғары лауазымды әскери шенеуніктермен бірге қарулы қақтығыс қаупін қолдан жасап, саяси қарсыластарына қысым көрсету және билікті сақтап қалу жоспарын жүзеге асырмақ болған.

"Бұл іске бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён да тартылған. Прокуратура оған 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр. Тергеу мәліметінше, ол әскери жағдай енгізу жоспарын дайындауға және армияны пайдалануға қатысқан", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Оңтүстік Корея прокуратурасы Юн Сок Ёльге өлім жазасын сұрағаны да хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі