Круиздік кемеде хантавирус жұқтырған жолаушылар саны сегізге жетті

Сурет: pixabay
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы MV Hondius круиздік кемесінің бірнеше жолаушысынан анықталған хантавирусқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN агенттігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)  MV Hondius крузидік кемесінде хантавирустың сегіз жағдайы анықталғанын растады, оның ішінде үш жағдай расталса, қалған бесеуі болжамды күйде болып табылады. 

Бұған дейін Әулие Елена аралында 12 елдің азаматтары жағалауға жеткізілген, барлық елдің билігі ықтимал қауіп және олардың байланыстарын қадағалау қажеттілігі туралы хабардар етілген. Қазіргі уақытта бірнеше елдің денсаулық сақтау органдары дерттің өршуін болдырмау үшін бар күшін салуда. ДДҰ мәліметтері бойынша, вирустың инкубациялық кезеңі алты аптаға созылады.

Енді кеме Испанияның Канар аралдарына қарай бет алған. Кемеден эвакуацияланған екі жолаушы ауыр жағдайда емдеу үшін Нидерландыға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, үшінші эвакуацияланған адамда қазіргі уақытта ауру белгілері білінбейді, дегенмен оған да медициналық көмек көрсетілуде.

Эвакуацияланған жолаушылар арасында Ұлыбритания азаматы, 65 жастағы Германия азаматы және 41 жастағы голландиялық экипаж мүшесі де бар.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) хантавирустан кейінгі халық үшін ағымдағы қауіптердің деңгейі қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.

ДДСҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі