Қырғызстан ҰҚМК-ның экс-басшысы Камчыбек Ташиевке қатысты іс сотқа өтті

Сурет: gov.kg
Қырғызстанның Бас прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің бұрынғы басшысы Камчыбек Ташиевке қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 12 мамырда адвокат Икрамидин Айткулов Facebook парақшасында жазған.

Оның айтуынша, Ташиевке билікті күшпен басып алуға дайындалу және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша айып тағылған.

"Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Бішкектің Первомай аудандық сотына жіберілді. Онымен бірге бұл іс бойынша тағы жеті адам айыпталуда. Қылмыстық іс құпияландырылған", – деді адвокат Икрамидин Айткулов.

Сондай-ақ адвокат сот отырыстары жабық режимде өтетінін, ешкімге тергеу мен сот деректерін жариялауға рұқсат етілмейтінін түсіндірді.

Еске салсақ, 2026 жылғы 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Камчыбек Ташиевті барлық қызметінен босатты. 2021 жылғы қазаннан бері ол Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы қызметін атқарып келген. Кейінірек Жапаров бұл "жылдам шешім арқылы досын қорғап қалғанын" айтты.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады