РЕН-ТВ телеарнасының мәліметінше, күдіктілер таңертең ерте металл құралдарды алып, беттерін маскамен жауып, жеке үйдің есігін бұзып кірген.
"Олар үй иесін ұстап алып, оған құбыр кілті мен электрошокер қолданып дене жарақатын салған. Сонымен қатар қарттан ақшаның қайда жасырылғанын айтуды талап еткен. Алайда зейнеткер қолма-қол ақшаның қайда жатқанын айтпаған. Осыдан кейін қарақшылар оны скотчпен байлап, жертөлеге түсіріп кеткен,- деді Мәскеу облысы бойынша Ресей ІІМ ММ Ақпарат және қоғамдық байланыстар басқармасының бастығы Татьяна Петрова.
Кейін олар үйді тінтіп, бар болғаны 12 мың рубль ғана тапқан. Осылайша, қаскөйлер сол ақшаны алып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Дереу ұсталған күдіктілер ұрланған ақшаны сол күні-ақ жұмсап жібергендерін айтқан. Қазір тергеушілер осы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Алматыда 81 жастағы қарияны ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз аттарына жаздырып алмақ болғандар ұсталғанын жазғанбыз.