Ұлыбритания королінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты жергілікті радиода қателесіп хабарлап қойды

Сурет: Instagram/theroyalfamily
19 мамырда британдық Radio Caroline радиостанциясы қателесіп король III Чарльздың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тікелей эфир кезінде монархтың қазасына арналған алдын ала жазылған аудиоролик қойылып, одан кейін "Құдай корольді сақтасын" әнұраны қосылған. Independent басылымының мәліметінше, мұндай аудиожазбалар Ұлыбританиядағы барлық БАҚ-та алдын ала дайындалады.

Көп ұзамай Radio Caroline ұжымы болған жағдай үшін кешірім сұрады. Медиакомпания өкілдері Facebook парақшасында жалған хабарлама компьютерлік ақаудың салдарынан эфирге кеткенін түсіндірді.

Сондай-ақ олар Radio Caroline радиосы марқұм патшайымның Рождестволық құттықтауларын әрдайым қуана эфирге шығарғанын, енді корольдің мерекелік жолдауларын да ұзақ жылдар бойы таратады деп үміттенетіндерін айтты.

Бұған дейін Сахара шөлінде адасып кеткен ер адамның бес күннен кейін аман табылғанын жазғанбыз.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде "Қазақстан Халық Кеңесі" туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Құрбан айт: Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді

Алматы полициясы Сәуле Базарханның клиникадағы қазасына қатысты пікір білдірді