Бразилияда жолдастық матч кезінде 15 жастағы футболшы оққа ұшты

Сурет: pixabay
Бразилияның Масейо қаласында өткен жолдастық футбол матчы кезінде 15 жастағы жас футболшы Микаэл Леандро атыс салдарынан қаза тапты. Ол "Сан-Паулу" клубының жасөспірімдер командасында өнер көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Globo басылымының мәліметінше, жас спортшы кездейсоқ тиген оқтың құрбаны болған.

Қайғылы оқиға Масейо қаласындағы Понтал-да-Барра ауданында өткен матч кезінде болған. Ойын барысында белгісіз біреулер футболшылар мен жанкүйерлерге қарай оқ атқан. Атылған оқтардың бірі Микаэл Леандроға тиіп, ол ауыр жарақат алған.

Жасөспірім дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Полицияның алдын ала болжамынша, бұл шабуыл есірткі саудасын бақылауға алған қылмыстық топтардың әрекетімен байланысты болуы мүмкін.

Микаэл Леандро "Сан-Паулу" футбол академиясының командаларының бірінде ойнаған. Жақында ол Copa Fictor турнирінің жеңімпазы атанып, жарыстың бір матчында үздік ойыншы деп танылған болатын.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары осы қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Пәкістандағы қар көшкінінде қаза тапқан әлемге әйгілі альпинист Нирмал Пурджидің мәйіті табылғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады