Трамп америкалық мұнай компанияларынан бағаны төмендетуді талап етті

Сурет: magnific
Chevron Директорлар кеңесінің төрағасы және бас директоры Майк Вирт компаниясының табысты болуының барлық себебін жаңа ғана атап өтті. Бұл туралы АҚШ президенті желідегі парақшасында жазды. Сөйткен Дональд Трамп оның бір нәрсені айтуды ұмытып кеткенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ол бұл арада тек бір нәрсені айтуды ұмытып кетті. Трамп әкімшілігінің даналығын, көрегендігін, күші мен тұрақтылығын, онсыз мұнай өнеркәсібі және жалпы біздің ел бақилық болар еді! Мысалы, Майк пен Chevron-ды Венесуэладан қуып шықты, бірақ қазір олар қайта оралды: бұрынғыдан да әлдеқайда ірі әрі күшті болып, онда да байи түсуді мақсат етуде! Бұл басқа мұнай компанияларына да қатысты... Тұтынушылар үшін мұнай бағасын төмендетіңіздер (бөлшек сатып алушылар үшін!) ДӘЛ ҚАЗІР!", деп жазды өз парақшасында Трамп.

Айта кетсек, АҚШ-тың стратегиялық мұнай резервіндегі (SPR) шикі мұнай қоры өткен аптада 2,85 миллион баррельге, яғни 304,8 миллион баррельге дейін төмендеді, бұл - 1983 жылдан бергі ең төменгі деңгей.

АҚШ
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды