Молдовада электр энергиясы мен суды тұтынуға шектеу енгізіледі

Фото: pexels
Молдова билігі елде энергетикалық дағдарыстың алдын алу және Днестр өзеніндегі су деңгейінің төмендеуінен туындайтын қауіптерді азайту мақсатында жаңа шектеу шараларын бекітті. Тиісті шешімдерді премьер-министр Василе Тофанның төрағалығымен өткен Дағдарыстық жағдайларды басқару жөніндегі ұ

Министрлер кабинеті сайтындағы мәліметке сәйкес, тиісті шешімдерді премьер-министр Василе Тофанның төрағалығымен өткен Дағдарыстық жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық комиссия қабылдады. Оған сүйенсек, елде электр энергиясын тұтынуды қысқартуға бағытталған бірқатар шаралар енгізіледі.

Атап айтқанда, кешкі ең жоғары жүктеме уақыты – сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін электр энергиясын экспортқа коммерциялық жеткізуге шектеу қойылады.

Сонымен қатар:

Бұдан бөлек, билік жаңартылатын энергия көздері нысандары мен энергия жинақтау жүйелерін электр желісіне қосуды жеделдетеді. Сондай-ақ мемлекеттік Energocom компаниясы Румыниядан, Украинадан және басқа да қолжетімді нарықтардан қосымша электр энергиясын жеткізушілерді іздестірумен айналысады.

Ал Днестр өзеніндегі су деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты ауыз суды және жерүсті су көздерін басым емес мақсаттарға пайдалануға уақытша шектеулер енгізілді. Атап айтқанда көшелерді жууға, бассейндерді сумен толтыруға, басқа да шұғыл емес қажеттіліктерге су пайдалануға шектеу қойылады.

Ал ауыл шаруашылығы алқаптарын суару үшін Днестр өзенінен су алуға тек түнгі сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін ғана рұқсат етіледі. Егер өзендегі су деңгейі одан әрі төмендей берсе, билік су алуды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар баламалы су көздерін әзірлеп жатыр. Қажет болған жағдайда тұрғындарға арнайы су таситын автоцистерналар арқылы ауыз су жеткізу ұйымдастырылады.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге электрондық рұқсат беріледі

Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды