АҚШ-та балаларын экс-күйеуіне бергісі келмеген әйел оларды өлтіріп тынған

Фото: unsplash
АҚШ-та жағаұстатарлық қылмыс орын алды. Төрт баланың анасы мен әжесі оларды әкесіне сот шешімімен белгіленген жазғы демалысқа жібермеу үшін өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru басылымының New York Post-қа сілтеме жасап жазуынша, қаза тапқандар – 13 жастағы Харпер, 11 жастағы Хадсон және 10 жастағы егіздер Гэвин мен Грейслинн. Балалардың мәйіттері әжесінің пәтерінен табылған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер әуелі балаларға у берген. Алайда оның әсері бірден байқалмағандықтан, балаларды өлтірудің өзге тәсілдеріне барған.

Тергеушілер анықтағандай, әйелдер интернеттен "инсулиннің дені сау адам ағзасына әсері қандай" және "пышақтың қай жерге салынған соққысы адам өліміне әкелуі ықтимал" деген мазмұндағы сұрауларды іздеген.

Полицияның алдын ала болжамынша, кенже ұлы Гэвин уланудан аман қалған болуы мүмкін. Алайда кейін оны пышақпен өлтірген.

Белгілі болғандай, бұған дейін қорғаншылық және қамқоршылық қызметінің мамандары бұл отбасына бірнеше рет барып, балаларға тиісті деңгейде күтім жасалмай жатқанын тіркеген. Соған қарамастан, анасы ата-ана құқығынан айырылмаған.

Қайғылы оқиға көршісінің полицияға хабарласуынан кейін белгілі болды. Ол отбасы мүшелерін шамамен екі апта бойы көрмегенін айтып, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Кейін анықталғандай, қылмыстан соң анасы мен әжесі өздеріне қол жұмсаған.

Бұған дейін Ұлыбританияның корольдік отбасында жаңа мұрагер дүниеге келгенін жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Электрондық құжаттарды пайдалану қағидалары жаңартылды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жеке клиникада баланы сүндеттеген дәрігердің ісін арнайы комиссия қарамақ