Ұлыбританияның корольдік отбасында жаңа мұрагер дүниеге келді

Ұлыбританияның корольдік отбасында жаңа мұрагер дүниеге келді , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 09:48 Сурет: Instagram/princesseugenie
Ұлыбритания королі III Чарльздың жиені, ханшайым Евгения мен жұбайы Джек Бруксбэнк үшінші рет ата-ана атанды. Ақжолтай хабармен ханшайым өзінің Instagram парақшасында жаңа туған сәбиінің суретін жариялау арқылы бөлісті. Белгілі болғандай, дүниеге қыз бала келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail басылымының жазуынша, нәресте 3 тамыз күні Лиссабон қаласындағы ауруханалардың бірінде жарық дүние есігін ашты. Букингем сарайы ана мен баланың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. Сондай-ақ король III Чарльз бен корольдік отбасының басқа мүшелері ерлі-зайыптыны құттықтап, жылы тілектерін білдірді.

Сәбидің есімі әзірге жарияланған жоқ. Ол Евгения мен Джек Бруксбэнктің Август және Эрнест есімді ұлдарынан кейінгі үшінші баласы.

Нәресте Ұлыбритания тағына мұрагерлік ету кезегінде 15-орынға жайғасты. Алайда оған "Ұлы Мәртебелі ханшайым" (Her Royal Highness) атағы берілмейді.

Айта кетейік, Ханшайым Евгенияның толық есімі – Евгения Виктория Елена Йоркская. Ол – марқұм патшайым II Елизаветаның немересі және Ұлыбритания королі III Чарльздың жиені.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: