Spacedaily басылымының ақпаратына сүйенсек, жергілікті тұрғындар бұл жерді "Шанай-Тимпишка" деп атайды. Шамамен аударғанда бұл атау "күнге қайнатылған" деген мағынаны білдіреді.
Алайда өзеннің мұндай ыстық болуының себебі күн сәулесінде емес, геологиялық процестерде жатыр.
Анд т
Яғни бұл жерде жанартау да, жер астындағы магма көзі де жоқ. Су жай ғана жер астында ұзақ тұрып, қатты қызған күйде қайта жер бетіне шығады.
Негізгі көрсеткіш – 86°C. Бұл өзеннің ең ыстық бөлігіндегі орташа температура. Ал геотермалдық зерттеуші Андрес Рузо өлшеген ең жоғары температура 90°C-тан асқан. Кей жерлерде су қайнау температурасына жақындайды.
Салыстыру үшін айтсақ: тұрмыстық шәйнектен құйылған ыстық қара кофенің температурасы шамамен 85-90°C болады. Ал бұл өзеннің кей бөліктеріндегі су да дәл сондай ыстық.
Температуралық көрсеткіштерді алғаш картаға түсірген Рузо мұндай судың адамға қаншалықты қауіпті екенін де айтқан.
"Егер қолыңызды суға салсаңыз, бірнеше секундтың ішінде екінші немесе үшінші дәрежелі күйік алуыңыз мүмкін. Өзенге түсіп кеткен ұсақ жануарлар – бақалар, кесірткелер, кейде құстар бірден өледі", – деді ол.
Өзеннің аса ыстық бөлігі шамамен алты шақырымға созылады. Бұл жерде пайда болатын бу соншалықты қою, тіпті салқын таңертең өзеннің арғы жағасын көлегейлеп тастайды.
Бұған дейін Сахарадан қазіргі уақытта жоқ болып кеткен әлемді бейнелейтін ежелгі суреттер табылғаны туралы жазған болатынбыз.