Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

QR-код, QR код, QR code, оплата через QR код, оплата через QR, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 09:06 Фото: freepik
Ұлттық банк Банкаралық мобильді төлемдер жүйесін жетілдіру және алимент қаражатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан қорғау мәселелері бойынша бірқатар қаулыға өзгерістер енгізуді көздейтін жоба әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба аясында Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінде жаңа сервистерді дамыту және жеке тұлғалар арасындағы операциялар лимитін ұлғайту ұсынылып отыр.

Сонымен қатар атқарушылық іс жүргізу жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер қарастырылған.

Атап айтқанда:

  • "Оңалту және банкроттық туралы" заңға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын әкімшіге борышкердің мүлкін сатудан түскен ақшаны аударуға арналған ағымдағы шот ашу үшін қажетті құжаттар тізбесі белгіленеді;
  • алиментті үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан қорғау тәртібі нақтыланады.

Аталған өзгеріс азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған. Енді кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке жарамсыз адамдарды асырауға арналған алимент алушылардың шоттары мерзімі өткен берешек бойынша банктердің ғана емес, сот орындаушыларының да өндіріп алуынан қорғалмақ.

Бұдан бөлек, түсіндірме кестеде Қазақстанның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талаптарына сәйкес, шот ашпай ақша аудару кезінде басқа елдердегі алушылардың жеке басын куәландыратын құжат деректері ақша аудару туралы өтініште көрсетілуге тиіс екені жазылған.

Осылайша банк рәсімдерін қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күреске бағытталған халықаралық талаптарға сәйкестендіру жоспарланып отыр.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 1 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: