Абай облысында үш учаскеде табиғи өрт сөндіріліп жатыр

Өрт сөндіру жұмыстары, Абай облысы, ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 09:56 Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылғы 18 тамыздағы ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Абай облысының Көкпекті ауданында бірден үш учаскеде табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың шамамен 180 қызметкері және 26 техникасы жұмылдырылған,

Өртпен күреске су төгетін құрылғымен жабдықталған ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" тікұшағы тартылды. Әуеден 22 рет су төгілген. Өрт ошақтарына барлығы 66 тонна су төгілді.

Құтқарушылардың жұмысына қатты жел, жер бедерінің күрделілігі және құрғақ өсімдіктер кедергі келтіріп отыр. Бұл жағдайлар оттың таралуына ықпал етуде. Қазір мамандар жекелеген өрт ошақтарын сөндіріп, олардың одан әрі таралуына жол бермеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Аудандағы жағдай тұрақты бақылауда. ТЖМ мәліметінше, жұмылдырылған топтар өртті толық жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде орман өрттері шарпығанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: