Алматы облысындағы табиғи өрт төрт күннен бері сөндіріліп жатыр

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2024 20:48 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы Балқаш ауданындағы қамыс өсімдіктері мен шөп өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, елді мекендерге қауіп жоқ. Су ағызу құрылғысы бар "Қазәуеқұтқару" АҚ-ның тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілді.

Авиациялық техниканы пайдалану және жетуі қиын жерлерге орман шаруашылығының қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді жеткізу сияқты қабылданған шаралардың арқасында жекелеген өрт ошақтары сөндіріліп, жақын маңдағы шаруа қожалығы аман қалды.

"Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатуда. Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Тойшыбеков өрт оқиғасы орнында", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: