Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Лесной пожар, лесные пожары, пожар в лесу, горящий лес, природный пожар, возгорание в лесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2026 22:47 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
17 тамызда Қазақстан бойынша 12 орман өрті тіркелді. Өрт ошақтары әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстары барысында дер кезінде анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлер бойынша:

  • Шығыс Қазақстан облысында – 1 өрт;
  • Ақтөбе облысында – 1 өрт;
  • Қарағанды облысында – 2 өрт;
  • Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде – 2 өрт;
  • Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде – 1 өрт;
  • "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резервінде – 2 өрт;
  • "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде – 1 өрт;
  • "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резервінде – 2 өрт.

Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМК әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі кезінде анықталған.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" күштері және қажетті техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мамандар өрт қауіпті кезеңде азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: