Дәрігерлер мүмкін еместі мүмкін етті: екі аяғынан айырылған ер адам қайта жүрді

Операция, хирургия, медициналық құралдар, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 12:44 Сурет: pexels
Қытайлық хирургтер аяғынан жамбас тұсынан бастап толықтай айырылып қалған науқасқа сәтті операция жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының Yangtse Evening Post/Ziniu News басылымына сілтеме жасап жазған мәліметінде, бұл – операциядан кейін науқас қайтадан жүре бастаған әлемдегі алғашқы тәжірибе.

51 жастағы Цзян есімді ер адам 2024 жылғы 2 желтоқсанда Қытайдың Сучжоу қаласында өндірісте ауыр жарақат алған. Апат салдарынан ол екі аяғын да жамбас тұсынан бастап толықтай зақымдап алған.

Науқас Сучжоу ортопедиялық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның аяқтарын қайта қалпына келтіруге шешім қабылдап, 8 сағатқа созфлған ота жасап шықты. Операция барысында хирургтер науқастың сүйектерін, қан тамырлары мен жүйке жүйесін және басқа да зақымданған тіндерді қалпына келтірген. Бұл ретте донордың аяғы емес, науқастың өз аяқтары пайдаланылды.

Емдеу мұнымен аяқталған жоқ. Оңалу барысында науқаста невроз пайда болып, қосымша операциялар жасалды. Сонымен қатар сүйектердің бітісуіне байланысты қиындықтар туындағандықтан, дәрігерлер сүйек пластикасын жасап, екі сан сүйегінің ішкі бекітілуін түзеді.

Жарақат алғаннан кейін 20 ай өткен соң науқас қайтадан жүре алатын жағдайға жетті. Қазір ол жүріп-тұру үшін балдақ және басқа да тірек құралдарын пайдаланады. Соған қарамастан, күнделікті жұмыстарын өздігінен атқара алады. Аяқтарындағы сезімталдық тобықтан жоғары аймаққа дейін қалпына келген.

Дәрігерлер емдеудің ең қауіпті кезеңі артта қалды деп есептейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: