Астанада жол апатына ұшыраған автобус: екі аяғынан айырылған қыздың қазіргі жағдайы қандай

Автобус, Астана, жол апаты, аяғынан айырылған қыз, Жеңіс Қасымбек, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2025 20:18 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы 22 желтоқсанда ОКҚ-да өткен брифинг барысында автобуспен болған жол апаты кезінде екі аяғынан айырылған 8 жасар қыздың қазіргі жағдайы қалай екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіс Қасымбек қызға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілгенін атап өтті.

"№1 автопарк зардап шеккен қыздың отбасына 20 млн теңге төлемақы төледі, демеушілерден қосымша қаражат түсті, оған қоса әкімдік пәтер берді. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, жалға берілетін пәтердің ақысын әкімдік төлейді. Қыз мектепте оқиды, мектеп оны қолдап, оған толықтай көмек көрсетеді", - деді ол.

Автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 2 маусымда кешке Астанада болды. Апат кезінде мектеп оқушысы қоғамдық көлікте болған. Соққы кезінде баланың екі аяғы да қатты қысылып қалды. 4 маусымда дәрігерлер зардап шеккен қыздың есін жиғанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: