Need To Know басылымының дерегінше, денесі қаңқа тәрізді мөлдір, көздері қызыл түсті ерекше өрмекші Мерфиді өз үйінде шаққан. Ер адамның қолы ісініп, қызарып кеткен. Бірнеше күннен кейін ол дұрыс сөйлей алмай қалған.
"Ауруханада оған некроздаушы фасциит диагнозы қойылды. Бұл зақымданған тіндердің тез өлуіне әкелетін ауыр бактериялық инфекция. Ер адам төрт күн комада жатып, төрт рет ота жасатты", – делінген хабарламада.
Осы уақытта оның ағасы мен әпкесі қайтыс болған.
Емделіп шыққаннан кейін Мерфи өмірін өзгертуді шешкен. Артық салмақ мәселесімен күресіп жүрген ол, ауруханаға түскеннен кейін одан сайын салмақ қосқан. Кейін арықтауға бел буып, 42 келі салмақ тастады.
Бұл жолда оған жұбайы көмектесті. Олар бірге құнарлы ағылшын таңғы асынан, бәліштерден, кәуаптан, бутербродтар мен чипсиден бас тартып, бадминтонмен тұрақты түрде айналыса бастаған. Күйеуінің артынан әйелі де 22 келі салмақ тастаған.
"Бәрін өзгертуге ешқашан кеш емес", – деді Питер Мерфи.
Бүгінде Питер Мерфи жұбайымен бірге салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығына ерекше көңіл бөліп келеді.