Танымал альпинист-гинеколог жеті мың метрлік шыңда "биіктік ауруынан" қайтыс болды

Сурет: Instagram/drasma.explores
2026 жылғы 20 тамызда Пәкістанның Қарақорам жотасындағы Спантик тауында 34 жастағы альпинист Асма Маштак қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Incidentia басылымының жазуынша, марқұм альпинист маршрутты гид Али Акбармен бірге бағындырған.

Асма Маштак биіктігі 7027 метр болатын Спантик шыңына сәтті көтеріліп, өзін жақсы сезінген. Алайда төмен түсу кезінде оның жағдайы күрт нашарлаған.

Тау гиді Акбар Али мен экспедиция гиді Мұхаммад Амин әйелге дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, оны құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Асма Маштак 1992 жылы 7 ақпанда дүниеге келген. Пәкістанның Dawn газетінің мәліметінше, ол елдің шығысындағы Лахор қаласынан шыққан және Ұлыбританияда акушерия және гинекология саласында дәрігер болып жұмыс істеген.

Альпинистер қауымында ол шытырман оқиғаларға, тауларға және табиғат көріністеріне деген қызығушылығымен танымал болған. Маштак сонымен қатар влогер болған және экспедициялары туралы интернетте тұрақты түрде жариялап отырған.

Қаза тапқан альпинистің денесін таудан түсіру үшін жергілікті билікпен үйлестіру жұмыстарын жүргізу қажет. Биік таулы аймақтағы ауа райы мен логистикалық жағдайларға байланысты бұл бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Бұған дейін Алматы тауларында 19 жыл бұрын жоғалыпкеткен адамның сүйегі табылғаны туралы оқиғаның таңғаларлық әрі қайғылы мән-жайлары белгілі болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады