ҚР Сыртқы істер министрлігі 2026 жылғы 9 қыркүйекте хабарлағандай, аза тұту іс-шаралары аясында қазақстандық дипломат ресми көңіл айту кітабына жазба қалдырып, Осло қаласындағы Кафедралды соборда өткен норвег монархымен қоштасу рәсіміне қатысты.
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
"Рәсімге мыңға жуық қонақ, оның ішінде Норвегия және бірқатар шет елдердің корольдік әулет мүшелері, мемлекет және үкімет басшылары, жергілікті Стортингтің (Парламенттің) депутаттары, дипломатиялық корпус пен қоғамдастық өкілдері қатысты", делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия королі VIII Хоконға әкесі король V Харальдтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан болатын.