Тоқаев Норвегия короліне әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев, көңіл айту, Норвегия королі, король V Харальд, қаралы хабар, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 20:18 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия королі VIII Хоконға әкесі король V Харальдтің дүниеден өтуіне орай көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 28 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Король V Харальд Норвегияның бірлігі мен рухын, жарқын жетістіктерін паш еткен көрнекті мемлекет қайраткері болды. Ұлы Мәртебелі ұзақ жылдар бойы абыройлы билік құрып, дана әрі адал басшы ретінде еліне қалтқысыз қызмет етті. Халқына ұдайы қамқор болып, қалың бұқараның құрметі мен ықыласына бөленді", делінген жеделхатта.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономды ауданында болған жойқын селдің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: