Тоқаев Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады

Көңіл айту жеделхаты, Қасым-Жомарт Тоқаев, Марокко, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2023 16:50 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты, делінген Ақорда хабарламасында. 

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетсек, Мароккода бір күн бұрын жойқын жер сілкінісі болды. Бастапқыда зілзала салдарынан 300-ге жуық адамның қаза тапқаны хабарланған. Одан кейін бұл сандар, өкінішке қарай еселеніп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: