Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 27 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономды ауданында болған жойқын селдің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады".
Мемлекет басшысы жақындарынан айырылған азаматтардың қайғысына ортақтасып, із-түзсіз жоғалған жандардың тез арада отбасына оралуына тілектестігін білдірді.
Айта кетсек, 2026 жылы 26 тамызда Непалда күтпеген жерден жойқын су тасқыны болып, 160-тан астам адам қаза тапты. Табиғи апатқа ірі мұздықтың опырылуы себеп болды. Таңертең Гималайдағы мұздықтардан үлкен бір бөлігі бөлініп, Катмандудан солтүстікке қарай шамамен 60 шақырым қашықтықтағы Непал-Тибет таулы шекарасына жақын маңдағы Лангтанг непалдық ұлттық паркінің аңғарына құлады. Аталған табиғи апат салдарынан хабар-ошарсыз кеткендердің арасында Қазақстан азаматы да бары хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript