Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай, жер сілкінісі, апат, көңіл айту жеделхаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 15:02 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты.

"Еліңіздің Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте Сізге және табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айта отырып, Қытай халқының қайғы-қасіретіне қазақстандықтар ортақ екенін жеткіземін. Зілзала кезінде зардап шеккен жандар тез арада сауығып, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектеспін", – деп жазылған жеделхатта.

Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысында магнитудасы 6,2 болған жер сілкінісінен 95 адам қаза тапты. Тағы екі жүз адам жарақат алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: