Қытайда жер сілкінісінен 95 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды
Сурет: wikimedia
Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысында магнитудасы 6,2 болған жер сілкінісінен 95 адам қаза тапты. Тағы екі жүз адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытайдың Ганьсу провинциясының Цзишишань округінде магнитудасы 6,2-ге тең жер сілкінісі болды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, дүйсенбі күні таңғы төртке қарай аймақтың екі провинциясында шамамен 95 қаза тауып, 200-ге жуық жараланғаны белгілі болды, деп жазды Синьхуа.
Жер сілкінісіне көмек көрсету штабының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы екі провинция шекарасынан небәрі 5 шақырым жерде болған. Қатты жер асты дүмпулері Цинхайдың көптеген ауданынжа сезілген.
Жер сілкінісінің ошағы үш миллионға жуық адам тұратын Ланьчжоу қаласынан (Ганьсу провинциясы) оңтүстік-батысқа қарай 101 шақырым жерде орналасқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript