Непалдағы жойқын су тасқынына не себеп болғаны анықталды

Сурет: Zakon.kz.
Мамандар Гималай тауларындағы мұздықтың опырылып, Непалда жойқын су тасқынына себеп болған факторды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдау жасалған метеорологиялық деректерге сәйкес, сол күндері таулы аймақта жылдың осы кезеңі үшін бұрын-соңды болмаған жоғары температура байқалған. 5200 метр биіктіктегі мұздықта 21-26 тамыз аралығында орташа температура шамамен 5 градус Цельсий болған. Бұл өте жоғары көрсеткіш, деп жазады Phys.org.

Сонымен қатар 55 жылдан астам уақыт бойы жүргізілген бақылауларда бұл кезеңдегі температура 4 градустан аспаған. Мұздық опырылған жерде соңғы бірнеше күнде тіркелген орташа температура ХХ ғасырдың ортасымен салыстырғанда шамамен 1,8 градусқа жоғарылаған.

Еуропалық "Коперник" обсерваториясының деректерін талдау нәтижесінде мұздықтың опырылуы Лангтанг аймағында бақылау тарихындағы ең ыстық төртінші жаз кезінде болғаны анықталды.

"Ауа райының тым ыстық болуы таудағы мәңгі тоңның еруіне себеп болуы мүмкін. Соның салдарынан тау жыныстары босап, тау беткейлері мен мұздықтар опырылып құлаған", – деді климатолог Валери Массон-Дельмотт.

Мәңгі тоң тау жыныстарын біріктіріп ұстап тұратын мұзды цемент тәрізді қызмет атқарады. Оның еруі тау жыныстарының тұрақсыздануына әкеледі.

Спутниктік түсірілімдер апатқа дейін бірнеше күн бұрын қардың айтарлықтай ерігенін де көрсетті. Бұл "тау жыныстарының жарықтарына еніп, опырылуға ықпал етуі мүмкін сұйық судың едәуір мөлшерін" қалыптастырған.

Дегенмен сарапшылар аптап ыстықтың апатқа нақты қаншалықты әсер еткеніне қатысты әзірге сақтықпен пікір білдіруде.

"Егер температура негізгі қозғаушы фактор болған болса, онда тау жыныстары опырылу шегіне жеткенше күту қажет болған сияқты", – деді Франциядағы Гренобль-Альпі университетінің геоморфологы Кристен Кук.

Қазір зерттеушілер тау жыныстарының опырылуға дейінгі жылдарда байқалған шағын қозғалыстарын және олардың температура өзгерістерімен байланысын зерттеп жатыр.

2026 жылғы 26 тамызда Непалда кенеттен жойқын сутасқыны болып, соның салдарынан ауқымды қирау орын алып, жүздеген адам қаза тапты. 8 қыркүйектегі мәлімет бойынша, су тасқынынан қаза болғандар саны 1355 адамға жеткен. Шамамен 5 мың адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Апатқа мұздықтың ауқымды опырылуы себеп болған. Бұл процесті оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған.

Су тасқынынан кейін Непалда үш қазақстандық әйелдіңжоғалып кеткені белгілі болды.

Әрине, бұл жағдай таудың етегінде орналасқан Алматы тұрғындарын да алаңдатпай қоймады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді