Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын су тасқыны кезінде екі қазақстандық әйел жоғалып кетті

Министерство иностранных дел Республики Казахстан, МИД РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 12:37 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқынынан кейін Қазақстанның екі азаматын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында болуы мүмкін Қазақстанның екі азаматын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді ол.

Бұған дейін олардың бірі туристік топ құрамында екі елдің шекарасын кесіп өткені хабарланған еді.

"Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп, отандастарымыздың туыстарымен байланыста отыр", – деп атап өтті Жанболат Үсенов.

2026 жылғы 26 тамызда Непалда кенеттен алапат су тасқыны болып, ауқымды қирауға және 160-тан астам адамның қаза болуына әкелді. Табиғи апатқа мұздықтың ірі бөлігі опырылып түсуі себеп болған.

Таңертең Гималайдағы мұздықтың үлкен бөлігі бөлініп, Катмандудан солтүстікке қарай шамамен 60 шақырым жерде, Непал мен Тибет шекарасына жақын орналасқан Лангтанг ұлттық саябағындағы аңғарға құлаған.

27 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономиялық ауданында болған жойқын селдің қайғылы салдарына байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді. Сондай-ақ із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларымен тезірек қауышатынына үміттенетінін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: