Жаңалықтар тізбегі
0

Үндістанда алапат су тасқыны болып, 14 адам қаза тапты, тағы 100-ден астам адам іздестіріліп жатыр

Үндістан, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 15:19 Сурет: видеодан скриншот
Үндістанның солтүстігіндегі жойқын су тасқынынан 100-ден астам адам, оның ішінде 22 әскери қызметкер із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN арнасының мәлімдеуінше, Үндістанның солтүстік-шығысындағы Сикким штатындағы су тасқыны кем дегенде 14 адамның өмірін қиып, жолдарды шайып, 11 көпірді қиратты. Лхонак көлі мен Тисто өзені арнасынан асып, су қалыпты деңгейден алты метрге көтерілді. Табиғи апат оқыстан болғандықтан, төтенше жағдайлар қызметі дайындалып үлгермеген.

Синоптиктердің айтуынша, су тасқынына тропикалық дауыл себеп болған, соның салдарынан Лхонак тау көлі арнасынан асып, таудан келген су мұздықтармен бірге төмен қарай ағып, жол бойындағы жолдар мен ғимараттарды қиратты. Пакйонг қаласы қатты зардап шекті, онда жеті адам қаза тауып, 59-ы із-түзсіз жоғалып кетті. 2 мыңнан астам жергілікті тұрғын эвакуацияланды, барлығы 22 мың адам баспанасыз қалып, дүние мүлкінен айырылды.


India Today арнасы түсірген видео тасқынның салдары – су басқан жолдар, қираған көпірлер мен су астында қалған елді мекендерді көрсетті. Табиғи апатқа қарсы күреске қатысқан Үндістан армиясының 22 сарбазы із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр.

Сикким Гималай тауларының етегінде орналасқан. Штатта көптеген мұздықтар мен тау көлдері бар. Метеорологтардың болжауынша, аймақта нөсер жаңбыр кем дегенде тағы екі күн жауады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: