Наговицинаның оқиғасынан кейін: әйгілі тауда жоғалған экстремалды спортшыны іздеу жұмыстары тоқтатылды

Сурет: Instagram/kalie_mcc
38 жастағы трейлраннер Кэли МакКристалды Альпі тауларынан іздеу жұмыстары тоқтатылды. Әйелдің туыстары оны соңғы рет 1 қыркүйекте Маттерхорн тауында көргенін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Alpagama мәліметінше, МакКристал маршрутты ең қысқа уақытта өту бойынша FKT (Fastest Known Time) рекордын орнатуға дайындалып жүрген. Алайда ол қазір қаза тапты деп есептеледі.

Трейлраннер – табиғи жер бедерімен жүгіретін спортшы. Яғни олар асфальт жолдың орнына орман соқпақтары, таулар, төбелер, далалар мен жыралар арқылы жүгіреді.

"Кэлидің күрделі таулы бағыттардағы тәжірибесіне, соның ішінде Маттерхорнға бұған дейін көтерілгеніне қарамастан, барлығы оның төмен түсу кезінде құлап кеткенін көрсетіп отыр", – деп жазды отбасы ресми мәлімдемесінде.

Жүгірушінің кері қайтар жолда маршруттың қай нұсқасын таңдағанын ешкім нақты білмейді. Левиный жотасы арқылы Черветинияға қайтқан болуы немесе шыңның Швейцария жағындағы Хёрнли жотасы арқылы Церматт бағытына қарай қысқарақ жолды таңдаған болуы мүмкін.

Осы себепті іздеу топтары таудың екі жағынан да іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Таудағы негізгі бағыттар виа феррата жүйесімен жақсы жабдықталған. Онда темір шынжырлар, қалың арқандар және сақтандыру нүктелері бар, сондықтан бұл жолдармен арнайы сақтандырусыз-ақ көтерілуге және төмен түсуге болады.

Қарапайым альпинистерден айырмашылығы, FKT қатысушылары уақыт үнемдеу үшін көбіне сақтандыру құралдарын қолданбай жүгіреді. Сондықтан құлап кету және тас құлауы қаупі арта түседі.

МакКристалдың соңғы рет тауға көтерілгені туралы толық мәлімет белгісіз. Себебі ол бұл бағытта FKT рекордын орнатуға әлі кіріспеген, тек соған дайындалып жүрген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді