Пиццерия қызметкері келушілердің тағамына әдейі қайызғақ түсірген

Сурет: pexels
Қытайдың Ханчжоу қаласында пиццерия қызметкері тағамды әдейі бүлдірген. Бұл туралы видео жарияланғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNR мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 12 қыркүйекте Zunbao Pizza пиццериясында болған. Қызметкердің оғаш әрекетін келушілердің бірі тағам дайындау барысын көруге мүмкіндік беретін "ашық асүй" жүйесі арқылы байқап қалған.

Кейін ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Оған жеті тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалған.

16 қыркүйекте Қытай журналистері пиццерияға барған. Алайда мекеме жабық болған, ал есігіне жұмыстың уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлама ілінген. Көрші дүкендердің иелерінің айтуынша, пиццерия бірнеше күн бойы жұмыс істемеген. Бұған дейін ол жерге полиция қызметкерлері мен нарықты бақылау басқармасының өкілдері келген.

Қазіргі уақытта пиццерияға қатысты Қытайдың азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң талаптарының бұзылуы мүмкін екеніне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді