213 метр биіктіктен құлаған альпинист, аман қалды

Сурет: magnific
11 қыркүйекте Калифорния жол патрулі (CHP) қызметкерлері Калифорниядағы Сьерра-Невада тау жотасында орналасқан Power Dome жартасынан шамамен 210 метр биіктіктен құлаған зардап шеккен альпинисті құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

People басылымының мәліметінше, құтқару тікұшағының экипажы альпинисті механикалық құрылығының көмегімен эвакуациялап, медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем көлігіне жеткізген.

Калифорния жол патрулінің әуе операциялары басқармасы құтқару сәтінің бейнежазбасын Facebook желісінде жариялап, операцияға қатысқан серіктес ұйымдарға алғыс білдірді.

Кортрайт су қоймасына жақын орналасқан гранитті жартас Сьерра-Невада тау жотасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.

Калифорния жол патрулінің мәліметінше, альпинист "шұғыл эвакуация мен медициналық көмекке мұқтаж болған". Оқиға орнына Калифорнияның батысындағы Пасо-Роблес әуежайында орналасқан базадан H-70 тікұшағы жіберілді. Оның бортында екі адамнан тұратын экипаж — ұшқыш және ұшу кезінде фельдшер әрі шығыр операторы қызметін атқаратын маман болды.

"Фресно округі шериф кеңсесінің тікұшақтағы құтқару маманының (HRT) көмегімен H-70 тікұшағы зардап шеккен альпинисті шығыр арқылы көтеріп, кейін оны күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді", – делінген хабарламада.

Альпинистің кім екені және қазіргі жағдайы жарияланбады. PEOPLE басылымы Калифорния жол патрулінің әуе операциялары басқармасынан түсініктеме сұраған, алайда әзірге жауап алмаған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды