Қысқа құйрықты қасқырдың жаңа түрі анықталды

Сурет: magnific
2024-2025 жылдары шамамен 1400 шаршы шақырым аумақта 24 қасқыр анықталды. Оның 10-ы ұрғашы, 14-і еркек. Қасқырларды бақылау бағдарламасын Карпатты қорғау қоры 2017 жылы қолға алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stirileprotv жазуынша, зерттеу Оңтүстік Карпаттағы Фэгэраш, Иезер-Пэпуша және Леота тауларындағы алты аңшылық алқапта, сондай-ақ Пятра-Краюлуй ұлттық паркінің аумағында жүргізіледі.

Бұл деректер қасқырлардың өзара қарым-қатынасы, үйірлердің динамикасы және олардың аумақтарды пайдалану ерекшеліктері туралы нақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мониторинг инвазивті емес әдістерге негізделген. Зерттеу барысында дала жағдайында жиналған қардағы зәр, нәжіс және жүн үлгілерінен бөлінген ДНҚ талданады.

Талдау арқылы жеке қасқырларды анықтауға, популяция санын бағалауға, туыстық байланыстарды қалпына келтіруге және әртүрлі отбасылар пайдаланатын аумақтарды шамамен белгілеуге болады. Сондай-ақ бұл әдіс популяцияның қалай ұйымдасқанын және уақыт өте келе қалай өзгеретінін анықтауға мүмкіндік береді.

Деректер әр қыс сайын жиналады. 2024-2025 жылғы маусымда далалық топтар 259 ДНҚ үлгісін жинаған. Осылайша соңғы жеті жылдағы үлгілердің жалпы саны 1100-ге жетті. Бұл Еуропаның осы бөлігіндегі мониторингтің бірегей мысалы саналады.

Соңғы генетикалық талдау нәтижесінде 24 қасқыр (10 ұрғашы және 14 еркек) анықталды. Бұған дейін бұл аумақта белгілі болған алты отбасы (үйір) кем дегенде уақытша қайта құрылып, тоғыз шағын үйірге бөлінген. Сонымен қатар бұрын белгілі үйірлерден шыққан және зерттеліп отырған аумақтан тыс жүрген бірнеше жалғыз қасқыр да анықталды.

Бұл Оңтүстік Карпаттағы әлеуметтік тұрақтылық төмендегеніне қарамастан, өңірдегі табиғи ландшафт қасқырлардың ұзақ қашықтыққа қоныс аударуына және үйірлер арасында табиғи генетикалық алмасуына әлі де мүмкіндік беретіндей деңгейде байланысқанын көрсетеді. Қасқырлар тәулігіне орта есеппен 20 шақырымдай жол жүре алады.

Генетикалық талдаудың тағы бір маңызды нәтижесі қасқыр мен иттің будандасуына қатысты болды.

2019 жылы жоба аумағында қасқыр мен иттің будандасқаны тіркелген. Алайда соңғы зерттеулерде будандасудың жаңа жағдайлары анықталған жоқ.

Бақылаудың ең қызықты нысандарының бірі – сыртқы ерекшелігіне байланысты "Қысқа құйрықты" деген лақап ат берілген еркек қасқыр.

Оны алғаш рет 2022 жылы байқаған. Содан бері мамандар оны ДНҚ үлгілері арқылы 29 рет, ал фототұзақтардың көмегімен 20 рет тіркеген. "Қысқа құйрықты" зерттеу барысында анықталған ең ұзақ уақыт бойы бірге тіршілік етіп, көбейіп келе жатқан жұптардың бірін құрайды. Бұл отбасының мекендейтін аумағы шамамен 250 шаршы шақырымды құрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді