Қалыңдық үйлену тойында асабамен көңіл қосып, жаппай төбелес шығарған

Қалыңдық үйлену тойында асабамен көңіл қосып, жаппай төбелес шығарған , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 12:40 Сурет: pexels
Испанияда қалыңдық үйлену тойы кезінде күйеуіне опасыздық жасап, той ұйымдастырушыларының бірімен көңіл қосқан. Оқиғадан кейін жаппай төбелес болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az ABC басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға Оренсе қаласында болған.

Той Португалия шекарасына жақын жердегі қонақүйде өткен.

Куәгерлердің айтуынша, той кезінде қалыңдық қонақтар сыйға тартқан ақшаның ішінен 40 мың еуроны (шамамен 20 млн 96 мың 800 теңге) талап еткен.

Күйеу жігіт ақшаны беруден бас тартқан. Осыдан кейін екі отбасының мүшелері жаппай төбелескен. Жанжал кезінде қалыңдық тәрелкелерді сындырып, сонымен қатар дәретханада той жүргізушісімен интимдік қатынасқа түскен.

Ол достарына жаңа күйеуіне ешқандай сезімі жоқ екенін және адвокаты ажырасу мәселесімен айналысып жатқанын айтқан.

Жаппай төбелесті Испанияның Азаматтық гвардиясы тоқтатқан.

Бұған дейін Испанияда құтқарушылар алып шарап бөшкесінің ішіне түсіп, өлім қаупіне тап болған 73 жастағы зейнеткерді құтқару үшін шұғыл операция жүргізгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: