Маңғыстау облысында той жаппай төбелеспен аяқталды – видео

Маңғыстау облысында той жаппай төбелеспен аяқталды – видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2025 22:50 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысында өткен той соңы жанжалмен аяқталды – Мұнайлы ауданындағы үйлену тойы көше төбелесіне ұласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2 тамызда Lada.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға 31 шілдеде болған. Той қонақтарының арасында туындаған ауызша жанжал кейін төбелеске ұласқан.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ақ жейде киген бірнеше жігіттің жолдың қақ ортасында төбелесіп жатқан сәті түсіп қалған.

Полицияның нақтылауынша, төбелеске қатысқандардың барлығы анықталды – олар 2004-2005 жылдары туған жастар.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: