Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында аудан әкімі әрекетсіздігі үшін жазаланды

Әкім, Мұнайлы ауданы, Маңғыстаау облысы, әкімшілік жауапкершілік, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2023 15:56 Сурет: freepik
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында әкімшілік іс қаралып, жергілікті аудандық әкімдік тарапынан орын алған заң бұзушылықтар бойынша жеке ұйғарым қабылданды. Ол Мұнайлы ауданының әкіміне орындауға жолданған. ҚР Азаматтық-процестік кодексінің 270-бабына сай лауазымды тұлға жеке ұйғарым бойынша қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті. Қолданған шаралар туралы дер кезінде хабарламау өздеріне жеке ұйғарым жіберілген тұлғалардың әкімшілік жауаптылығына әкеліп соғады. Дегенмен, заңда көзделген уақыт ішінде аудан әкімі жеке ұйғарым бойынша тиісті шараларды қабылдамаған. Сол себепті сот приставы тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама толтырылып, Мұнайлы аудандық сотына қарау үшін жолданды", делінген Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі хабарламасында.

Сонымен сот қаулысымен Мұнайлы ауданының әкімі ӘҚБтК-нің 664-бабымен (соттың жекеше ұйғарымы, қаулысы, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынуы бойынша шаралар қолданбау) бойынша кінәлі деп танылып оған 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: