Қуанышты хабармен оның директоры Сергей Рудых бөлісті, деп жазады Kp.ru. Басылым мәліметінше, қазір Кашпировский көп алдына шығып жүрген жоқ, өйткені ол өзі үшін өмір сүріп, қамқор әке болғысы келеді. Өткен жылы Кашпировский қызды болған.
"Ол қазір қызымен әлек, оны қатты жақсы көреді. Бұл арада бір кінәрат іздеп немесе сұмдық ауруды ойлап табудың қажеті жоқ", – деді Рудых.
Директор "Кашпировскийдің денсаулығы нашарлап кетті" деген қауесеттерді жоққа шығарып, емші әр таң сайын 13-қабаттан өз аяғымен баспалдақпен түсіп, көтерілетінін және 32 келілік темірлерді көтеріп, жаттығатынын айтады.
"Ол тамаққа талғаммен қарамайды. Ас мәзірі өте қарапайым: жұмыртқа, сүзбе, сорпа. Ол диеталық тағамдарды жеуге тырысады. Уылдырық мүлдем жемейді, өйткені оны ұнатпайды", – дейді Рудых.