Anadolu Agency мәліметінше, Сербия президенті Александр Вучич 2026 жылғы 27 қыркүйекте отставкаға кетті. Бұл қадам 25 қазанға белгіленген мерзімінен бұрын, әрі парламент сайлауы қарсаңында жасалды. Вучич сайлауға биліктегі Сербия прогрессивті партиясынан премьер-министр қызметіне кандидат ретінде қатысады.
Вучич екінші президенттік мерзімі кезінде қызметінен кетті. Сербия Конституциясына сәйкес, ол үшінші мерзімге президенттікке қайта сайлана алмайды. Вучич 2017 жылдан бері елді басқарды. Оның орнына жаңа президент сайланғанға дейін парламент спикері Ана Брнабич президент міндетін уақытша атқарады. Заң бойынша президент сайлауы үш ай ішінде өтуі тиіс.
Александр Вучичтің отставкасы студенттердің бірнеше айдан бері жалғасып келе жатқан наразылықтары аясында болды. Қазір Сербияда парламенттік және мерзімінен бұрын президент сайлауына дайындық жүріп жатыр.
Қырғызстанда да президент сайлауына дайындық жүріп жатыр. Жогорку Кеңеш депутаттары Қырғыз Республикасының кезекті президент сайлауын 2027 жылғы 27 қаңтарға тағайындау туралы қаулы жобасын қарастырып, қабылдады.