Оқушы қыз мектепке мылтықпен келген

Сурет: pexels
Түркияның Ван провинциясында жетінші сынып оқушысы мектепке помпалы мылтықпен келген. Оқиға Тушба ауданындағы мектептердің бірінде таңертең болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Onedio басылымының жазуынша, мұғалім қыздың әрекетіне назар аударып, оның қару алып келгенін байқаған. Педагогтер мен ата-аналар араласқаннан кейін мылтық оқушыдан тәркіленді. Кейін қарудың оқталмағаны анықталды.

Мектеп әкімшілігі полиция шақырып, болған жағдай туралы аудандық білім басқармасына хабарлаған. Оқушы түсініктеме беру үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Сондай-ақ қарудың кімге тиесілі болғанын және қыздың оған қалай қол жеткізгенін анықтау үшін тергеу басталды.

Оқиғадан кейін мектептегі сабақтар тоқтатылып, оқушылар үйлеріне жіберілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шекпеген. Сондай-ақ оқушы айналасындағыларға қарумен қорқыту әрекетін жасамаған.

Бұған дейін Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулардың әлі де табылып жатқаны хабарланған еді.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін