Бұған дейінгі рекорд 33 күн болған. Ол 2019 жылғы 27 маусым мен 29 шілде аралығында тіркелген.
Жергілікті The Mainichi басылымының мәліметінше, жаңбырдың ұзаққа созылуына Жапонияның басты аралы Хонсю маңында орныққан тұрақты күзгі атмосфералық фронт себеп болған. Ауа райына тайфундар да әсер еткен: фронтқа бірнеше рет жылы әрі ылғалды ауа келіп, жауын-шашынды күшейткен.
27 қыркүйекке қарай қаланың орталық бөлігінде 621,5 миллиметр жауын-шашын түскен. Бұл қалыпты көрсеткіштен үш есеге жуық көп.
Жаңбырлы қыркүйек күн сәулесінің түсу ұзақтығына да әсер етті. 1–27 қыркүйек аралығында Токионың орталық бөлігінде күн небәрі 45,8 сағат жарқыраған. Бұл – бақылау тарихындағы екінші ең төмен көрсеткіш.
Дегенмен жаңбырлы ауа райы әзірге басылар емес.
30 қыркүйекте Токио орналасқан Канто өңірінде күзгі атмосфералық фронттың әсерінен тағы да жауын-шашын күтіледі.
Бұған дейін 2026 жылғы 1–3 қазанда Қазақстанда жаңбыр жауып, қатты жел соғатыны, сондай-ақ жекелеген өңірлерде алғашқы айтарлықтай үсік жүріп, сулы қар жауатыны туралы жазған едік.