Обаға қарсы институт қызметкерінің өлімі: Кремль, Роспотребнадзор, ДДҰ не дейді

Сурет: magnific.com
Иркутск облысында обаға қарсы институт қызметкерінің қайтыс болуына байланысты қалыптасқан жағдайға қатысты Кремль, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералдық қызмет (Роспотребнадзор), сондай-ақ ДДҰ пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2026 жылғы 7 қазанда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков брифинг барысында Иркутск облысындағы белгісіз этиологиядағы пневмония жағдайынан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) хабардар етілгенін мәлімдеді.

"БАҚ көп ақпарат таратып жатыр, ал осы жағдайға қатысты бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметтердің басым бөлігі – жалған. Сондықтан "Роспотребнадзордың" ақпаратына сүйеніңіздер", – деп атап өтті Кремль өкілі.

Өз кезегінде "Роспотребнадзор" Иркутск облысында биоқауіпсіздік талаптарының сақталуы бойынша жүргізілген тексерістің аяқталғанын хабарлады.

"Патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеу кезінде апатты жағдайлар анықталған жоқ. Патогенді микроорганизмдермен жұмыс істегенде тиісті бақылаудың сақталғаны расталды... Алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде ұйымдастырылды, Иркутск қаласы мен Иркутск облысы тұрғындары үшін төніп тұрған эпидемиялық қатерлер жоқ", делінген ТАСС жариялаған "Роспотребнадзор" баспасөз қызметінің хабарламасында.

7 қазандағы жағдай бойынша байланыста болғандардың 90 пайыздан астамына қатысты жүргізілген медициналық бақылау аяқталғаны нақтыланады.

"Инфекциялық патологияға байланысты денсаулық жағдайының нашарлауы анықталған жоқ, шамамен 5 000 зертханалық зерттеудің нәтижелері ешқандай қауіпті патогенді микроорганизмдерді анықтаған жоқ", деп нақтылайды Роспотребнадзордың баспасөз қызметі.

Ресейлік ведомство өңірдегі жағдай туралы ақпаратты ДДҰ-ға жолдағанын, ал ДДҰ Иркутскідегі пневмония жағдайына байланысты ешқандай қауіп жоқ екенін растады.

"ДДҰ Иркутскідегі ауруханадан тыс пневмония жағдайларына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы қауіптердің жоқтығы туралы өз ұстанымын жариялады", делінген Роспотребнадзор баспасөз қызметінің хабарламасында.

2026 жылғы 2 қазанда Шелехов қаласында Иркутскідегі обаға қарсы Сібір мен Қиыр Шығыс институтының қызметкері көз жұмғаны белгілі болды. Осыдан кейін обаның таралу мүмкіндігі туралы ақпарат тарады. Жексенбіде, 4 қазанда Роспотребнадзордың баспасөз қызметі Иркутск облысындағы, Иркутск пен Шелеховтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін және оба ауруының жағдайлары анықталмағанын мәлімдеді. 28 жастағы әйелдің өліміне анықталмаған этиологиядағы пневмония түрткі екені көрсетілген.

Бұған дейін Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылғы 5 қазанда Ресей Федерациясының Иркутск облысында аса қауіпті инфекцияға күдік туындаған жағдайға байланысты ахуалды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеген болатын.

Ресей
ДДСҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін