CNN Brasil басылымының жазуынша, тұрғындар маймылдың алкогольдік сусындар мен 70 пайыздық спирт ішкенін, сондай-ақ үйлердің бірінде тұрған дәрі-дәрмек қаптамасын жеп қойғанын айтқан.
Осыдан кейін жануар әйнек есікті сындырып, үйдің ішін талқандаған. Кейін тағы бірнеше үйге кірген. Оқиға салдарынан тұрғын үй кешенінің үш тұрғыны, күзетші және полиция қызметкері зардап шеккен.
Жануарды 2026 жылғы 5 қазанда ұстап, жабайы жануарларды қорғау орталығына жеткізген. Полиция мәліметінше, маймылдың иесі бар, алайда оқиға кезінде ол үйде болмаған.
Қазір бұл жағдай бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Ресейде көпқабатты үйдегі жарылысқа мысықтың қатысу болуы мүмкін деген болжам айтылған. Сеебі жарылыс кезінде пәтерде үй жануарынан басқа ешкім болмаған.