Daily Mail басылымының мәліметінше, ер адам жасөспірімге жақындап, оның мойнынан ұстап, автотұрақтың басқа бөлігіне күштеп алып кетуге тырысқан. Оқиға түсірілген бейнежазбада қыздың ер адамның қолынан босап шығып, қашып кеткені көрінеді. Ер адам оның жағына қызғылт түсті матаның бір бөлігін лақтырып, оқиға орнынан ізін суытқан.
Жақын маңдағы автокөлік жөндеу шеберханасында жұмыс істейтін куәгер күдіктінің баланы ұстап алғанын көргенін айтты. Куәгер араласқаннан кейін қыз жанармай құю бекетіне дейін жүгіріп барып, 911 нөміріне қоңырау шалып, полиция шақырған.
Мирамар полициясының басшысы Делриш Мосстың айтуынша, жасөспірім қарсылық көрсетіп, күдіктінің қолынан босап шығып, айналасындағылардың назарын аударған. Соның арқасында оған көмек көрсетілген. Қыз зардап шеккен жоқ, оның отбасы тергеуге көмектесіп жатыр.
Полиция қызметкерлері осы ауданда болған басқа оқиғаға қатысы бар және күдіктінің сипаттамасына сәйкес келетін ер адам туралы ақпарат алғаннан кейін Поланкоды ұстады. Оқиға куәгері мен жәбірленуші оны таныған.
Ер адамға бірнеше айып, соның ішінде күш қолдану және адам ұрлау айыптары тағылды. Сот оны кепілмен босатудан бас тартты. Полиция мәліметінше, Поланко бұған дейін де бірнеше рет жауапқа тартылған. Оның ішінде тонау, ұрлық және шабуыл жасау деректері бар.
Қазіргі уақытта іс соттың қарауында.
Бұған дейін Павлодарда бірге тұрған әйелдің қыздарына зорлық-зомбылық көрсеткен ер адам сотталғаны хабарланған болатын.