Трамп UFC басшысына Ақ үйдің баспасөз хатшысы лауазымын ұсынды

Сурет: Instagram
АҚШ президенті Дональд Трамп UFC басшысы Дана Уайтқа Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметін атқаруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Уайтты "қайсар жауынгер әрі батыр" деп атап, оған көмекші ретінде қасына Хабиб Нурмагомедов, Ислам Махачев, Джастин Гэтжи және Дэниел Кормье бастаған алты UFC сарбаздарын алып алуды ұсынды.

"Бізді есінен адасқан солақайлардан қорғау үшін осындай адамдар қажет", деп жазды Америка президенті.

Уайт Instagram желісінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы мінберінде тұрған суретін жариялап, оның сипаттамасына "Келесі тарауға көшеміз" деп қойған.

Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Одан кейін UFC басшысы дүйсенбі, 9 қарашада Вашингтонда Трамппен кездесетінін жеткізді. Алайда ол бұл ұсынысты қабылдауға ниетті ме, жоқ па, ол жағын нақтыламады.

CNN мәліметі бойынша, Уайт бұл қызметтен бас тартқан, ал президенттің көмекшілерінің бірі бұл ұсынысты әзіл деп атаған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы лауазымы қазір бос тұр. Бұл қызметте соңғы рет небәрі бес күн ғана жұмыс істеген Кэти Захария болған.

АҚШ
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

"Біреудің қайғысы – бәрімізге ортақ": Қызылорда тұрғындары өрттен зардап шеккендерге қан тапсырып жатыр