Таиландта ашуға булыққан піл екі адамды таптап өлтірді

Сурет: magnific
Таиландта үй пілі байлаулы тұрған жерінен босап шығып, пикапты аударып, екі жергілікті тұрғынды таптап өлтірді. Орманға қашқан жануарды іздеуге қорықшылар мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bangkok Post басылымының жазуынша, қайғылы оқиға кешкі уақытта Сураттхани провинциясының Кхири-Рат-Никхом ауданында болған.

Куәгерлердің айтуынша, ашулы еркек піл тұрақта тұрған көліктердің жанындағы адамдарды үркітіп, қара түсті пикапты тұмсығымен аударып жіберген.

Ашуға булыққан жануардың құрбаны 71 жастағы Бунном есімді әйел болды.

"Жасы ұлғайғандықтан, ол қашып үлгермей, үрейленіп сүрініп құлаған. Сол кезде піл оны таптап өлтірген. Кейін жануар көршілес майлы пальма плантациясында жұмыс істеген 55 жастағы Сомсакқа шабуыл жасаған. Ер адам да оқиға орнында көз жұмды. Ал піл орманға қашып кеткен", – делінген хабарламада.

Кхлонг-Янг қорығының қорықшылары, ауыл ақсақалдары мен жергілікті тұрғындардан құралған іздеу тобы қашып кеткен пілді дуриан бағынан тапты. Мамандар оны тыныштандыратын дәрісі бар арнайы жебемен атып, арқан және шынжырмен байлағаннан кейін иесіне қайтарды.

Енді жануар Ұлттық парктер, жабайы табиғат және өсімдіктерді қорғау департаментінің бақылауымен оңалту курсынан өтеді.

Белгілі болғандай, пілдің жасы 20-дан асқан. Шамамен үш ай бұрын онда муст кезеңі басталған. Бұл – аталық пілдердің жыныстық белсенділігі артып, бақылаусыз агрессия көрсетуі мүмкін кезең. Осыған байланысты жануарды қайғылы оқиға болған жерден шамамен 500 метр қашықтықтағы арнайы бағанаға байлап қойған. Алайда ол байлауын үзіп кеткен.

Полиция бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, куәгерлерден жауап алып жатыр. Әзірге жануардың иесіне айып тағылған жоқ. Ол қаза тапқандардың отбасыларына көмектесіп жатыр. Марқұмдар оның туыстары болып шыққан.

Еске салайық, бұған дейін Үндістанда жолбарыс малға шөп жинауға шыққан 38 жастағы фермеді өлтіріп кеткен еді. Жыртқыш ер адамға артынан шабуыл жасап, кейін оның денесін қалың бұталардың арасына қарай шамамен 500 метрге сүйреп апарған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

АҚШ-та екі ұшақ соқтығысып, жолаушыларға медициналық көмек қажет болды

Көлік министрі балалар арбасымен автобусқа міну мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады