ABC News басылымының 2026 жылғы 16 қарашадағы мәліметінше, оқиға сенбі күні таңертең Аделаида қаласындағы көшелердің бірінде болған.
Скотт Холланд Lexus көлігінің жүргізушісі денсаулығы күрт нашарлап, көлікті басқара алмай қалғанын байқаған. Автокөлік сол сәтте адам көп жүретін қиылысқа қарай бет алған.
Ірі жол апатының алдын алу үшін ер адам қауіпті қадамға баруға шешім қабылдаған.
"Мен көліктің алдына шығып, оны тоқтату үшін тежелуді ұйғардым. Өкінішке қарай, соққыны менің пикапым қабылдады. Бірақ бұл бізге негізгі қиылысқа шығып кетпеуге көмектесті. Әйтпесе, салдары әлдеқайда ауыр болуы мүмкін еді", – деді Скотт Холланд.
Холландтың дер кезінде әрекет етуінің арқасында басқарудан шыққан көлікті уақытында тоқтату мүмкін болды. Кейін егде жастағы Питер есімді жүргізушінің инсульт алғаны анықталды.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері, полиция мен өрт сөндірушілер шұғыл жеткен.
Ер адамның айтуынша, зардап шеккен жүргізуші қазір ауруханада ем қабылдап, жағдайы жақсарып келеді. Ал Оңтүстік Австралия штатының премьер-министрі Питер Малинаускас оған жеке өзі телефон соғып, нағыз батыр екенін айтып, Supercars Гран-приіне шақырған.