Daily Star басылымының жазуынша, 2026 жылғы маусымда Джек Дебсон Таиландтан Дубай арқылы Манчестер әуежайына ұшып келген.
Шекара қызметінің қызметкерлері егде жастағы британдықты №2 терминалда тоқтатып, жүгін тексеру кезінде сүлгілердің астына вакуумдық пакеттермен жасырылған 33,25 келі каннабис тапқан.
Алғашында ер адам кінәсін мойындамай, тек жеке заттарын алып келе жатқанын айтқан. Алайда кейін есірткіні тасымалдағаны үшін 3 мың фунт (шамамен 1,76 млн теңге) сыйақы алуға келіскенін мойындады. Сот отырысында зейнеткердің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін жауапқа тартылғаны анықталды.
Үкім шығару кезінде судья Алан Конрад есірткі қылмыстарының көбеюіне тосқауыл қою үшін қатаң жаза қолданудың маңызын атап өтті.
"Менің ойымша, бұл жағдайда тиісті жаза тек нақты бас бостандығынан айыру арқылы ғана жүзеге асады", – деді судья Алан Конрад.
Сот нәтижесінде Джек Дебсон үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан зейнеткер үкімді қысқа ғана: "Рақмет, мырза", – деген сыпайы сөзбен қабылдады.
Ал Қарағанды облысында психотроптық заттардың аналогтарын өндірумен және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі сотталды. Заңсыз бизнес екі жыл бойы жұмыс істеп, қылмыстық топқа миллиондаған табыс әкелген.